Ұрып-соғып, қорқытқан: Теміртауда арнайы жасақ бопсалаушыны ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент
Polisia.kz

Теміртауда 28 жастағы тұрғын танысын ұрып-соғып, ақша бопсалаған. Жәбірленуші полицияға хабарласып, олар күдіктіні қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртауда 28 жастағы тұрғын танысын ұрып-соғып, ақша бопсалаған. Жәбірленуші полицияға хабарласып, олар күдіктіні қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 миллион теңге бопсалағаны туралы хабарлаған.

"Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама