20 қазан 2024 | 17:28

Ұрып-соғып, мазақ етті: қаза тапқан сарбаздың анасы ашық сотты талап етті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық ұланның қаза тапқан 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың анасы Индира Туғанбаева ашық сотты талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық ұланның қаза тапқан 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың анасы Индира Туғанбаева ашық сотты талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индира Туғанбаева әскери қызметкер дауыл кезінде қаза тапты деп мәлімдеген Ұлттық ұланға сенбейтінін мәлімдеді.

"Ұлыма әскерде шатыр құлап қайтыс болды деп айтылды. Олар бұған сендіре алды. Біз былтыр 8 желтоқсанда, ұлымыз қайтыс болған соң 1,5 жылдан кейін Алмастың денесін эксгумацияладық. Біз тәуелсіз сарапшыны жалдадық және ол ұлымыздың кешкі сағат 7-де қайтыс болғанын анықтады. Ал дауыл кешкі 9-да болды. Сондай-ақ сарапшы пышақ жарақатын растады және бұл шатыр құлауының салдарынан болған өлім екенін жоққа шығарды", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Қайтыс болған Ұлттық ұлан сарбазының анасы ұлының қызметте қорлық көргеніне сенімді. Оның сөзінше, сарбаздың денесінің бөліктері көгерген, ұрып-соғу іздері, темекі күйіктері байқалады.

"Өзінің жазаланбайтынына сенімді адамдар көзімізге тік қарап, өтірік айтып жатыр. Бізге әділеттілікке жетуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Бізге шұғыл адвокаттар керек, ашық сотты талап етеміз", - деп т

олықтырды Туғанбаева.Еске салайық, Алмас Шахимов 2022 жылы тамызда қайтыс болды. Ол Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде қызмет етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная