ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2021 | 13:10
"Ұрып-соғып, тастап кеткен": Ақсуда ит адамдардың көзінше өлтірілді
Ақсуда белгісіз біреулер қала көшелерінің бірінде оңдырмай таяқ жеген итті тастап кеткен. Жараланған жануарды ветеринарлар адамдардың көзінше у атып, өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақсуда белгісіз біреулер қала көшелерінің бірінде оңдырмай таяқ жеген итті тастап кеткен. Жараланған жануарды ветеринарлар адамдардың көзінше у атып, өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер Желіге жол жиегінде өлейін деп жатқан иттің видеосын жүктеді. Оқиға 2 сәуірде болған.
"Кешке бір қара көлік келіп ұрып-соғылған, науқас итті әкеп тастады. Алабай. Жол жиегіне тастап кеткен. Ит тіпті тұра алмады, басын көтеріп жатты. Біреу полиция қызметкерін шақырды, олар аулау қызметін. Сөйтіп келді де, итті алып кетті. Еріктілер итті өзіне сұрады, бірақ бермеді. Көндіре алмады. Біреу ауру, таяқ жеген жануарды тастап кетсе, екіншісі бірден өлтіреді", - деп жазды куәгерлер.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі итті ветеринарлар у атып өлтіргенін айтты.
"2 сәуірде сағат шамамен 19.00-де Ақсу полициясына қаланың бірнеше тұрғынынан Желтоқсан көшесіндегі дүкендердің бірінің жанында қарғыбауы жоқ және тұмылдырықсыз алабай тұқымды ит жүретіні туралы хабарлама келіп түсті, ол адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, тұрғындарды дүкенге жібермеген. Учаскелік инспектор бұл деректі растады, оқиға болған жерге Ақсу әкімдігінің ветқызмет қызметкерлері шақырылды", - деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Оның айтуынша, ветеринар сол жерде итті дәрімен өлтіруді ұйғарған.
"Жануарларды, оның ішінде иттерді дәрімен өлтіру мәселесі полиция органдарының құзыретіне кірмейді, ол ветеринарлық қызметтің құзыретіне жатады", - деп атап өтті Қайыров.
Ақсулық еріктілер полиция мен ветеринардан өлім аузында тұрған жануарды беруді сұраған, адамдар жараланған итті қарайтынын айтқа, бірақ жануар берілмеді.
"Ит қатты соққы жеген, иелері оны ит төбелесіне шығарған болуы керек. Ол адамдарды қорқытып, денсаулығына қауіп төндіре алмайды. Оған у атылған кезде, әлі тірі еді. Адамдар оны шығарып, уды сығып алу үшін итті беруді сұрады, сонда жануарды құтқаруға болар еді. Бірақ оған рұқсат берілмеді, жигулиге салып алып кетті", - деді жергілікті еріктілер.
Жануарларды қорғаушылар полицияға иттің иесін тауып, жазалауды талап етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также