ПОДЕЛИТЬСЯ
15 желтоқсан 2021 | 13:00
"Үш апта бойы ауыз ашпады". Мәжілісте БЖЗҚ басшысы сынның астында қалды
Мәжілісте Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысына жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа жедел түсіндірмегені үшін сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжілісте Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысына жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа жедел түсіндірмегені үшін сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша түзетулерді талқылау барысында БЖЗҚ басшысына отырыс тақырыбы бойынша сұраққа жауап беру ұсынылды, бірақ Жанат Құрмановтың жауабы депутаттарды қанағаттандырмады.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин зейнетақы қорының басшысына сұрақтарға жауап беруге тыңғылықты дайындалу керек екенін айтты.
"Үш апта бойы ауыз ашпай, жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа түсіндіре алмағаныңыз енді түсінікті болды. Жанат Бостанұлы, мұнда келгенде, дайындалу керек. Түсіндіңіз бе?" - деді ол.
Бұған дейін БЖЗҚ 2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын алу бойынша жеткілікті шек деңгейі едәуір өсетінін мәлімдеген болатын.
Сарапшы: Жеткілікті шек деңгейін көтеру ең нашар шешім
Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын пайдаланудың жеткілікті шек деңгейін көтеру мәселесін кейінге қалдыруды тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также