05 мамыр 2022 08:58

Үш азаматтығы бар әйел Қазақстаннан қуылды

Көрнекі сурет: pasporta.org

Қазақстандық, ресейлік және канадалық төлқұжаты бар әйел Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекарадан өту кезінде "Үрлітөбе" шекаралық бақылау бөлімшесінің өткізу пунктінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық, ресейлік және канадалық төлқұжаты бар әйел Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекарадан өту кезінде "Үрлітөбе" шекаралық бақылау бөлімшесінің өткізу пунктінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталған әйел сотта 2017 жылдың қарашасында Канада азаматтығын алғанын, ал 2022 жылдың наурызында Ресей азаматтығын алғанын айтқан. Бірақ қазақстандық төлқұжатын өткізбеген және шетел азаматтығын алғанын айтпаған. 

"Әйел адам заңнан бейхабар болғанын айтып, толығымен кінәсін мойындады. Жалғыз ұлы мен немересі Канадада тұратынын, ал Қазақстанда туыстары жоғын айтып, елден шығармауын сұрады", - деді Павлодар облсының Железин аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сот үкім шығарарда әйел адам кінәсін мойындағанын және әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, жазаны жеңілдетті.  

"Сот әйелді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 496-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, Қазақстаннан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Сот құжатында заң бұзған әйел Қазақстаннан 10 тәулік ішінде кетуі керегі айтылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/article_kk/2024/article_1178/thumb_m/photo_1288.jpeg"
    "title" => null
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/article/kazakstan-azamattyigyin-algyisyi-keletnder-emtihandyi-kalay-1178/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359298/thumb_m/photo_121495.jpeg"
    "title" => "Тоқаев: Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдар саны айтарлықтай азайды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-kazakstan-azamattyigyinan-bas-tartkan-adamdar-sanyi-359298/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_357689/thumb_m/photo_119740.jpeg"
    "title" => "Абай облысында қос азаматтықпен жүрген ер адам елден шығарылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/abay-oblyisyinda-kos-azamattyikpen-jurgen-er-adam-elden-357689/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_357060/thumb_m/photo_119092.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда азаматтық алу ережесі өзгереді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/kazakstanda-azamattyik-alu-erejes-ozgered-357060/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360653/thumb_m/photo_122979.png"
    "title" => "Алматы орталығында қаруы бар мопед жүргізушісі ұсталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-ortalyigyinda-karuyi-bar-moped-jurgzushs-ustaldyi-360653/amp/"
  ]
]