ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2024 | 09:36
Үш баланың анасы мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды
Үш баланың анасы мас күйде көлік жүргізген. Бұл ретте оның көлік жүргізу куәлігі болмаған. Ол бұған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізу құқығынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Полицейлер Ақтөбе көшелерінен көлікті байқайды, оның қозғалысы күдік тудырған.
"51 жастағы әйел көлік тізгінінде болған. Медициналық сараптама оның көлікті жеңіл дәрежеде мас күйде басқарғанын көрсетті", - деп хабарлады полиция.
2021 жылғы мамырда мас күйде көлік жүргізгені үшін, сот шешімі бойынша, ол 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Жазаға және кәмелетке толмаған үш баласының болуына қарамастан, ол тағы да мас күйде рөлге отырды.
Автоледи уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также