Үш қаладағы ЖЭО құрылысы: министр Қазақстанның “Б жоспарын“ айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Шетелдік әріптестермен уағдаласу мүмкін болмаса, Қазақстан Көкшетау, Семей және Өскемендегі ЖЭО-ны салуға өзі кірісуі мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шетелдік әріптестермен уағдаласу мүмкін болмаса, Қазақстан Көкшетау, Семей және Өскемендегі ЖЭО-ны салуға өзі кірісуі мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде шенеунік бұл нұсқа қарастырылып жатқанын растады.

"Басқа мүмкіндік болмаса, Қазақстанның құрылысты өзі бастаудан басқа амалы қалмайды", - деді министр.

Реклама
Реклама

Құрылысты кім бастауы мүмкін? Бұл сауалға жауап ретінде министр "Самұрық-Қазына" Ұлттық холдингі жобаны іске асырумен айналысатынын айтты.

"Энергия өндіру активтерінің иесі саналатын "Самұрық-Энерго" бар. Осы компания конкурс бойынша мердігерді өзі таңдайды", - деді ол.

Журналистер үш ЖЭО салуға бюджеттен қанша қаражат қажет болатынын да сұрады. Министрдің айтуынша, жоба құны қолданылатын жабдыққа байланысты болады.

Еске салайық, бұған дейін Ресей Қазақстанда жылу электр орталықтарын салатыны хабарланды.

Осы келісім шеңберінде Көкшетау (болжалды қуаты 248 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларында көмір өндіру негізінде ЖЭС салу жоспарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама