19 сәуір 2023 17:56

Үш күн далада: Ақтөбе облысында жоғалған ер адам құтқарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ақтөбе облысында адасып, үш күн далада жүрген ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында адасып, үш күн далада жүрген ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 16 сәуірде сағат 18:15-те 112 құтқару қызметіне ауа райының қолайсыздығына байланысты Әйтеке би ауданы Толыбай ауылынан Жабасақ ауылы бағытына қарай мал іздеп шыққан тұрғынның хабарсыз кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Ауданда осы күндері дауылды ескерту жарияланған. Дауылды ескертулерге қарамастан ер адам жоғалған малын іздеуге шыққан", - делінген хабарламада.

Іздестіру құтқару жұмыстарына аудандық ТЖБ қызметкерлері, полиция бөлімі және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

"Іздестіру құтқару жұмыстары 3 күнге созылды.

Іздестіру құтқару жұмыстары нәтижесінде жоғалған азаматты құтқарушылар 18 сәуірде сағат 10:45-те Ақсу қыстағының маңынан 5 км қашықтықта тапты. Құтқарушылар 35 жастағы ер адамды Толыбай ауылына жеткізді. Құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлерінің бақылауында", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram