Үш күн ішінде қар құрсауынан қанша адам құтқарылды?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Үш күн ішінде қар құрсауынан қанша адам құтқарылды? Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

3-5 қаңтар аралығында полицейлер төтенше жағдай қызметімен және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, 1212 адамды эвакуациялаған. Олардың 173-і - бала. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шамамен 100 автокөлік қардан шығарылған.

"Азаматтардан жолдағы жағдайды алдын ала біліп, аса қажеттіліксіз ешқайда шықпауды сұраймын. Жол қателікті кешірмейтінін есте сақтаған жөн!" - деді ведомство өкілі.

Жарнама
Жарнама

Күн бұзылғанына байланысты қай учаскелер жабық екенін 112, 102 телефондары арқылы, сондай-ақ, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының байланыс орталығы 1403 телефоны арқылы білуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама