ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2019 | 15:42
Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"18-20 наурыз аралығында оң мәнді күндізгі ауа сақталуынан Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қар еру процессі, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі", - делінген таратылған хабарламада.
Осыған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанның қай өңірін осы көктемде су басуы мүмкін екенін айтты.
"Біздің Ресей ТЖМ-нен келген әріптестеріміздің мәліметі бойынша, Саратов және Орынбор облыстарының аумағында орналасқан су басуды қалыптастыруы мүмкін үлкен қар қоры мен ағындар БҚО-да су тасқынына алып келуі мүмкін. Қажет болған жағдайда күш-жігерді көмек қажет ететін өңірлерге көшіру жоспарланып отыр", - деді Ильин.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысындағы Нұра өзені бойындағы елді мекендер мен Ақмола облысындағы Атбасар қаласы құтқарушылардың бақылауында тұр.
Показать комментарии
Читайте также