Үш өңірде арнайы операция жүргізілді: бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

видео кадры

Алматы облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірлесіп, Алматы және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында бопсалаушылар тобын ұстады. Топта 21-46 жас аралығындағы жеті адам болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бұл факт полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы ("Бопсалау") бойынша тіркелген. Айта кетейік, биыл 11 наурызда Қаскелеңдегі қоймалардың бірінің аумағында жоғарыда аталған топтың қатысушылары шетелдік азаматқа қатысты күш қолданып, қоқан-лоққы жасау арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған", – деді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.

Ұсталғандар қамауға алынды.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады", – деді Дулат Қайыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама