ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2019 | 16:09
Ұшақ апатынан қаза болғандар санын әртүрлі таратудың себебі айтылды
Қала әкімдігінің өкілдері Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының 15 жолаушысы қаза тапты деген мәлімет берген. Кейінірек ІІМ ТЖ Комитетінің өкілдері қаза тапқандар саны 12 екенін айтты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қаза тапқандар саны неге әртүрлі хабарланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресми мәліметті (әуе апатынан қаза тапқандар саны - автор түсіндірмесі) ҚР ІІМ ТЖ Комитеті ғана беруге құқылы. 12 - осы сан, осы каналдар бойынша өтті. Әртүрлі мәліметтер бары түсінікті. Бірақ ресми мәліметті Үкімет басшысының орынбасары баспасөз конференциясында айтты және бұл комиссия отырысында да айтылған - 12 адам қаза тапты", - деді Ластаев ОКҚ брифингінен кейін.
Оның айтуынша, жергілікті органдар - әкімдіктер, осы жағдайға байланысты ақпарат беруге құқығы болмаған.
"ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігі ғана ресми статистиканы бере алады. Олардан басқа ешкімнің беруге құқығы жоқ. Себебін іздеу және құтқару шараларын ІІМ жүргізеді. Ал ауруханада қайтыс болған адамдар туралы мәліметті беру - бұл Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде", - деді Ластаев.
Ол ресми түрде Fokker 100 ұшағының әуе апатына ұшырау салдарынан қаза тапқандардың санын азайту дерегі болмағанын айтты.
"Жалпы ауруханаларда 54 адам жатыр, оның 18-і ауыр халде", - деді ол.
Показать комментарии
Читайте также