16 шілде 2020 15:20

Ұшқыш Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды

"Эйр Астана" ұшқышы Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды. Өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" ұшқышы Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды. Өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұшқыштың ұлы Мұстахим Сиденғалиевтің айтуынша, Қанат Сиденғалиев кеңестік кезеңнен бері ұшып бастаған. Өмірінің 36 жылын әуеде өткізгенін айтады.  

Реклама
Реклама

Соңғы жылдары Қанат Сиденғалиев "Эйр Астана" компаниясында жұмыс істеген, Airbus А-320 экипажының капитаны болған. 

Ұшқыш соңғы рейсінен келген соң жағдайы нашарлаған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Ұлының айтуынша, ауруханада жатқанымен, дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Салдарынан 3 шілдеде Қанат Сиденғалиев 57 жасында дүниеден өтіпті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram