21 ақпан 2021 11:44

Ұшып келген 327 жолаушының ПТР анықтамасы болмаған

Фото: © pixabay.com

20 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 155 әуе жолаушысының ішінде 1 828 адамның коронавирусқа талдауы теріс нәтиже көрсеткен ПТР анықтамасы болған, ал 327 қазақстандықтың анықтамасы болмаған.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 682 жолаушы, анықтамамен - 1 430, анықтамасыз - 252;

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 398; анықтамасыз - 75.

Анықтамасы болмаған азаматтарға COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест жасалды және карантин стационарларда нәтижесін күтіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram