Ұшып келген 557 жолаушының ПТР анықтамасы болмаған

Ұшып келген 557 жолаушының ПТР анықтамасы болмаған Фото: © pixabay.com

14 ақпанда елімізге 17 халықаралық әуе рейсімен 2 328 жолаушы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 ақпанда елімізге 17 халықаралық әуе рейсімен 2 328 жолаушы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылғы 14 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина және Ресей Федерациясынан 17 халықаралық әуе рейсі келді", - делінген хабарламада.

2 328 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз Қазақстанның 557 азаматы келді.

Оның ішінде:

Реклама
Реклама

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 444 жолаушы, анықтамамен - 1 145, анықтамасыз - 299;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 884 жолаушы, анықтамамен - 626; анықтамасыз - 258.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша коронавирусқа ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарларында нәтижесін күтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама