Үсік жүріп, 34 градусқа дейін ыстық болады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Үсік жүріп, 34 градусқа дейін ыстық болады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 28, 29 және 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 28, 29 және 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолайсыз ауа райы болжанады

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, күн күркірейді, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр мен сулы қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жарнама
Жарнама

"Солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", - деді метеорологтар.

Ауа температурасы

28-29 сәуірде батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және Қазақстанның орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • батыста +15...+20 градусқа дейін,
  • солтүстік-батыста +17...+25 градусқа дейін,
  • солтүстікте +21...+26 градусқа дейін,
  • орталықта +21...+30 градусқа дейін,
  • шығыста +19...+27 градусқа дейін,
  • оңтүстікте +25...+34 градусқа дейін,
  • оңтүстік-шығыста +22...+27 градусқа дейін.

Мамырда ауа райы қандай болады?

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылғы мамырға арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы, ал жауын-шашын мөлшері әртүрлі деңгейде болады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама