22 сәуір 2022 | 11:45

Ұсталған депутат Қайрат Құдайберген туралы не белгілі?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
kudaibergen_kairat Instagram-парақшасынан

Бүгін белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталды. Прокуратура кәсіпкер Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады. Қайрат Құдайберген туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі деректер жинады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталды. Прокуратура кәсіпкер Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады. Қайрат Құдайберген туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі деректер жинады. 

Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Қайрат Құдайберген 1983 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 2004 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "Құқық тану" мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы КИМЭП университетін "Басшыларға арналған іскерлік әкімшілеу магистрі" бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорынан бастаған. Кейін ҚазҚСҒЗИ жетекші сарапшысы, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі директорының орынбасары қызметін атқарған. "Данабанк", "Қазақалтын", HSBC Қазақстан банктерінде түрлі қызмет атқарған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінде жұмыс істеген. Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, ҚР Президенті тарапынан уәкілеттендірілген кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша бақылау секторының меңгерушісі болған. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта SC Story Contract Corporation құрылыс корпорациясының бас директоры қызметін атқарған.

Ал 2014 жылғы қыркүйектен қазірге дейін Q3 Worldwide инвестициялық холдингінің құрылтайшысы және бас директоры.

Сурет kudaibergen_kairat Instagram-парақшасынан

Кейінгі сұхбаттарының бірінде Қайрат кәсіпкерлік жолы қалай басталғанын әңгімелеп берген еді.  

"Кәсіпкерлікті кішкентай кезімнен үйрендім. Кәдімгі базарға шығып, варенка шалбарлар саттым. Жасым 5-те болғанда, анам "Детский мир" дүкенінің алдында жайма сауда жасайтын. Қолдан варенка шалбар жасайтынбыз. Таспен ұрып, қазанға қойып қайнатады. Варенканы дайындадық, анам іскер болды, екеуміз сататынбыз. Іскерлік сол кезде пайда болды деп ойлаймын. (...) Алғашқы миллион долларды 23 жасымда таптым", - деген еді Қайрат Құдайберген.

Ол қоғамдық жұмыстарға да араласқан. "Студенттік құрылыс жасақтары" РҚБ қамқоршылар кеңесінің мүшесі, КИМЭП университеті көшбасшылар форумының мүшесі және оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің "Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау" номинациясы бойынша марапаттауға ҮЕҰ өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс тобының сарапшысы, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының "Жоғары технологияларды дамыту" бағыты бойынша аймақтық куратор және комиссия мүшесі, Nur Otan партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, Nur Otan партиясы Жетісу аудандық филиалының саяси кеңесі бюросының мүшесі болған.

Қайрат Құдайберген 2017 жылы "Құрмет" орденімен, "Атамекен" ҚР ҰКП Экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытудағы ерекше қызметі үшін "Іске адалдығы үшін" ІІІ дәрежелі медалімен, "Халық алғысы" медалімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының естелік медалі, 2019 жылы "Nur Otan партиясына 20 жыл", "Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл", 2020 жылы "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" медальдарымен наградталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Алматы қаласының экс-әкімдері Бауыржан Байбектің, Бақытжан Сағынтаевтың құрмет грамоталарын иеленген.

Ол - 2018-2021 жылдары VI сайланған Алматы қаласы депутаты. Ал 2021 жылдан бастап Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

2020 жылы 19 маусымда Қайрат Құдайберді коронавирус жұқтырғанын айтып, Instagram-парақшасында видео жариялаған еді. 

"Өкінішке қарай мен тапсырған ПЦР тестінің нәтижесі - коронавирус. Бірақ ин ша Аллах бәрі жақсы болады деп сенемін!" - деп жазған еді ол Желіде.

Сурет kudaibergen_kairat Instagram-парақшасынан

Кейінірек жағдайы ауыр екенін айтып, жылаған видеосын жүктеген. Бұл видеосы Қазнетте тараған болатын. 

Кәсіпкер түрлі қайырымдылығымен ел аузында жүреді. Бірақ кей Желі қолданушысы кәсіпкерді популизммен айналысып жүр деп айыптайды. Оған кейін кәсіпкердің өзі жауап берген. "Қайырымдылық жасағысы келетінін, табысының 3 пайызын сонда жіберетінін" айтқан еді.

Кәсіпкер Instagram желісінде белсенді. Онда халық талқылап жүрген тақырыптарға қатысты пікір білдіріп, блог жүргізеді. Парақшасына 1,4 миллион адам жазылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная