ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2018 | 13:25
"Ұстау оқиғаларынан кейін жұмыс істеу қорқынышты ма?". Энергетика вице-министрі сұраққа жауап берді
ҚР энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай журналистердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай журналистердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат отырысының кулуарында журналистер Сәбит Нұрлыбайдан "Энергетика министрлігінде министрдің оырнбасарлары ұсталғаннан кейін онда жұмыс істеу қорқынышты емес пе?" деген сұрақ қойды.
"Егер Мемлекет басшысы мен үкімет төрағасы маған функционалдық міндеттер тапсырса, мен оны абыроймен орындауым керек. Мен - Отанымның патриотымын", - деді вице-министр.
Ол энергетика вице-министр қызметіне үкімет төрағасының үкімімен тағайындалғанын айтты.
БАҚ өкілдері сондай-ақ Сәбит Нұрлыбайдан ұсталған вице-министр Анатолий Шкарупа жайлы сұрады. "Онымен жұмыс істеп көрмедім, тек жиналыста көрісетінбіз", - деп жауап берді Сәбит Нұрлыбай.
Таяуда энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа қамауға алынғаны туралы хабарланды.
Еске сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптаған болатын. "Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы - авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар", - деген еді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында.
Показать комментарии
Читайте также