Утильалым мөлшерлемесі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кәдеге жарату төлемдерінің жаңа мөлшерлемесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кәдеге жарату төлемдерінің жаңа мөлшерлемесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роман Скляр "Хабар 24" телеарнасында тікелей эфирде сұхбат берді.

"Шешім қабылданды, автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түріне мөлшерлемені 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирінде.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Роман Скляр автосалондардағы көлік тапшылығы әлемдегі микросхема (чиптер) тапшылығына байланысты екенін айтты.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі 23 ақпанда жарияланатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет "ӨКМ Операторы" ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама