23 ақпан 2022 | 12:23

Утильалым мөлшерлемесі қашан жарияланады?

Дина Шарипханова Корреспондент

Бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утильалым мөлшерлемесі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утильалым мөлшерлемесі туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 23 ақпанда сағат 13:00-де "Хабар 24" телеарнасында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Интервью" бағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйлейді", - делінген Қазақстан Үкіметінің ресми Telegram-арнасында.

Онда кәдеге жарату төлемі мөлшерлемесін төмендету мәселелері қозғалатыны баса айтылды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі 23 ақпанда жарияланатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет "ӨКМ Операторы" ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная