15 қазан 2024 | 09:45

Утильалым төлеуден босатқан: арнайы ХҚКО басшылары ұсталды

видео кадры

ҚМА Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды. Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Жергілікті бюджетке 315 миллион теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.

Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Реклама
Реклама

"Күдіктілердің мүлкіне 42 миллион теңге көлемінде тыйым салынды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная