Утильалым туралы петицияны кімдер қарайтыны белгілі болды

Фото:depositphotos.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі утильалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі утильалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабы 2-тармағына сәйкес утильалым бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті.

"Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар, топ құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жұмыс тобының қызметі туралы толығырақ министрліктің баспасөз қызметі кейінірек хабарлауға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама