13 шілде 2023 16:22

ҰТО басшысы мұғалімдер тестілеуі туралы: ҰБТ-дан кейін ешнәрсе таңғалдырмайды деп ойлағанбыз

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Instagram / @ruslan_yemelbayev

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев кейбір мұғалімдердің білімін бағалау емтиханын тапсыру кезіндегі шпаргалкаларды қалай қолданғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев кейбір мұғалімдердің білімін бағалау емтиханын тапсыру кезіндегі шпаргалкаларды қалай қолданғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.

"Достар, мына бейнежазбаларды мұқият көріп шықсаңыздар. Бұл бір экшн фильмнің бөліктері емес. Барлығы шынайы өмірде болып отыр... 10 шілдеде елімізде педагогтердің білімін бағалау басталды. Бірақ тестілеуге кейбір мұғалімдер біліміне емес, айласына сеніп келген сияқты. Мысалы, бір өңірде бір күн ішінде 34 педагогтің заңбұзушылықтары бірден анықталып, олар 5 жылға дейін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Руслан Емелбаевтің айтуынша, кейбір мұғалімдер қулық жасаудан оқушылардан да асып түскен.

"ҰБТ-дан кейін бізді ешкім және ешнәрсе таңғалдырмайды деп ойлағанбыз. Бірақ, өкінішке қарай, қулық жасау бойынша кейбір мұғалімдер оқушылардан да асып түсті. Бұл деректер бойынша тиіс шаралар қабылданып, құзырлы органдарға беріледі", - деді ол.

Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының басшысы педагогтерге үндеу жасады.

"Құрметті педагогтер, мұғалім болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені бүкіл ұлттың болашағы сіздердің қолдарыңызда. Ал бұндай әрекеттер "мұғалім" деген атауға кір келтіреді", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram