Уханнан келетін қазақстандық студенттер 14 күнге оқшауланады

© Әлихан Сариев

Қытайдың Ухан қаласынан келетін қазақстандық студенттерді 14 күнген карантинге оқшаулайды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қытайдың Ухан қаласынан келетін қазақстандық студенттерді 14 күнген карантинге оқшаулайды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қытайда тұратын қазақстандық студенттер мен азаматтардың мәселесіне келер болсақ, біздің үкімет Қытай үкіметіне Ухан қаласынан біздің 61 студентімізді эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша нота жолдады. Арнайы бортта біздің дәрігерлер қорғаныс костюмінде болады, сондай-ақ, олар келген соң дезинфекция жасалады, ал студенттер 14 күнге оқшауланады", - деді Бекшин. 

Қазақстандықтарды қайтару үшін Уханға арнайы борт жіберілуі мүмкін

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта, оның айтуынша, қазақстандық билік қазақстандық ұшақтың ұшу мәселесі бойынша Қытай тарапының жауабын күтіп отыр. 

"Біз туристер мен басқа да азаматтарымыздың қайтарылғанын күтіп отырмыз. Сол себепті шекараны жабу мүмкін емес", - деді Бекшин. 

Ухан қаласы коронавирус эпидемиясының таралу ошағы болып саналады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама