10 қыркүйек 2020 | 14:30

Үй менеджменті. Баланың ынтасын қалай ашу керек?

Баланың оқуға деген махаббатын ашудың маңызы, білім алуға деген ынтасын ашу және отбасылық құндылықтар туралы сөйлесудің маңызы неде? i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында ресейлік Nutricia, Danone компаниясының сатылым жөніндегі директоры Валерия Гусарова үй менеджменті туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Баланың оқуға деген махаббатын ашудың маңызы, білім алуға деген ынтасын ашу және отбасылық құндылықтар туралы сөйлесудің маңызы неде? i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында ресейлік Nutricia, Danone компаниясының сатылым жөніндегі директоры Валерия Гусарова үй менеджменті туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Реклама
Реклама

Жаңа шығарылымды бүгін, 10 қыркүйек сағат 20:00-де Tengri TV-дің YouTube-арнасынан көре аласыздар. Спикер "Үй менеджменті: басқарудың қарапайым құралдары" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Валерия Гусарова "Лидеры России" 2020 (233 000 қатысушының ішінде ТОП-300-ге кірген) басқару конкурсының суперфиналисі атанған. Ол СКОЛКОВО Мәскеулік басқару мектебінің МВА бағдарламасы бойынша студенті. 

30 жасында Unilever-дегі ең жас директорлардың бірі болған және сату бойынша сол кездегі жалғыз әйел-директор. 

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Видео-сұхбатты Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная