24 желтоқсан 2022 15:06

Үй тұрғындары эвакуацияланды: Павлодарда "граната жармақ болған" ер адам ұсталды

Polisia.kz

Павлодарда полиция қызметкерлері "граната жармақ болған" 47 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда полиция қызметкерлері "граната жармақ болған" 47 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полиция қызметкерлерінің бірі ер адамның қолынан гранатаны жұлып алып, оны залалсыздандырған.

Қазір саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр.

Реклама
Реклама

"Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram