ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қазан 2020 | 20:18
Үйде ер адам ғана табыс әкелуі керек деген стереотип ескірген - қазақстандық блогер
I-BALAQAI жобасында блогер Серікжан Тілеулесов балалары мен әйеліне деген махаббаты, әке болу, қиын балалық шағы туралы, сондай-ақ әкесінің мерзімінен бұрын дүниеден өтуі оның өміріне қалай әсер еткенін айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
I-BALAQAI жобасында блогер Серікжан Тілеулесов балалары мен әйеліне деген махаббаты, әке болу, қиын балалық шағы туралы, сондай-ақ әкесінің мерзімінен бұрын дүниеден өтуі оның өміріне қалай әсер еткенін айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.
Серікжан Тілеулесовтің бала күнінде арманы болған.
"Әке" - жауапкершілікті қажет ететін сөз. Үйге келген кезде әйеліңнің мен балаларыңның сені күтіп алған кезде керемет сезім болады. Бірге отырып шай ішеміз. Егер сен сол адамды жақсы көрсең, оған қол ұшын созу керексің. Әйелің бақытты болса, сен де бақытты боласың деп ойлаймын. Себебі "Әйел неғұрлым бақытты болса, соғұрлым борщ та дәмдірек болады" дейді ғой", - дейді блогер.
Отбасы амандығының негізгі рецепті - махаббат, өзіңді әйеліңнің орнына қоя білу және құрметтеу. Блогер балаларын да осылай тәрбиелейді.
Оның айтуынша, уақыт өте келе суперәкелердің саны өсіп, үйде ер адам ғана ақша табуы керек деген стереотип ескірген.
"Бірде әйелім 5 күн ауруханада жатты. Мен үйде екі баламмен жалғыз қалдым. Менің уақытым болмады. Оларға таңертең тамақ беріп, бала бақшаға, мектепке апарып, киімін ауыстырып, оны жуып, киімін үтіктеп, олармен ойнау керек. Бұл үлкен еңбек. Ер адамдар көбіне: "Болды, мен шаршадым, 8 сағат жұмыс істедім. Маған тиіспеңдер. Мен ұйықтап алайын" дейді. Ал әйел адам күніне 24 сағат жұмыс істейді.
Үлкен қызым жылайтын кездерде, оны үш кезекпен үш сағаттан көтеріп жүрдік. Бірдей. Ал кейбір аналар: "Менің күйеуім жұмыс істеді. Есікді жауып қойыңыздар, демалып алсын. Тиіспеңіздер. Ол жұмыс істеді ғой" дейді", - деп түсіндірді эфир қонағы.
Блогер балалық шағы туралы естеліктерді ауыр еске алды. Оның әкесі Серікжан туылардан екі айдан бұрын қайғылы оқиға салдарын қайтыс болған.
"Сосын 90-жылдар басталды, өте қиын болды, анам қатты сырқаттанып қалды. Мені қарайтын адам болмады. Сосын мені санаторлық интернатқа жіберді. Яғни мен ата-анамды көрмедім десем де болады. Өздігімнен өстім. Мысалы мені ешқашан саябаққа апармады. Бір де бір рет. Ең алғаш есейгенде ғана бардым", - дейді спикер.
"Қазір балаларым үшін бір кездері істей алмаған нәрсенің барлығын беремін. Әрине, ол менің немесе ата-анамның кесірінен болмады. Қиын заман болды. Мен не үшін суперәке болдым? Маған үнемі менің әкем өте керемет адам болғанын айтатын. Ол өмірден өткенге дейін өте керемет адам болған. Менің әпкем болатын: "Оны қатты жақсы көретін. Ол үшін бәрін істейтін, ойнап, күнде ойыншық беріп. Өзі жуындыратын, тіпті анам оларға жақындауға қорқатын. Жеті жасына дейін тәрбиелеген" дейді. Мен үнемі "Мен де сондай болғым келеді" деп ойлайтынмын", - дейді Серікжан Тілеулесов.
Блогердің айтуынша, әкесінің де есімі Серік болған.
"Мен үнемі өзімді сол кісімен салыстырамын. Маған үнемі мен қайта туғанмын деп айтатын. Бұл ой санамның түбінде болды. Сосын мен қызым болса деп армандайтынмын, яғни үйленбей тұрып қызым болса деп армандайтынмын. Үйлендім, сосын маған Алла қыз сыйлап, менің өмірім өзгере бастады. Мен отбасылы болып, суперәке болуды армандайтынмын. Мен сондай болатынымды білетінмін", - дейді Серікжан Тілеулесов.
Оның айтуынша, үйленерден бұрын бұл мәселеге саналы түрде қарау керек, сол кезде ажырасулар саны да аз болады:
"Мен қазір: "Біз екі-үш ай кездесіп, үйлендік. Себебі ата-анамыз үйлену керек деп айтты" дейтін жастарды көп кездестіремін. Тіпті адамды танымай жатып. Мысалы біз әйелімізбен үйленерден бұрын 6 жыл кездестік. Бір-бірімізді толық танып, үйлену туралы шешімді оның артықшылығы мен кемшілігін таразылап, саналы түрде қабылдадық", - дейді блогер.
Серікжан Тілеулесов оған әжесі арқылы дарыған аспаздық шеберлігінің арқасында танымал болған.
"Немерелерінің барлығы ұл балалар болатын. Біз үнемі әжемізбен қалып, бізге көмектесуді сұрайтын. Ол бізге: "Бұл қажеттеріңе жарайтын болады" дейтін. Мен сол кезде ол маған не үшін қажет деп ойлайтынмын. Маған әжеме көмектесу ұнайтын. Манты, пелмен - еш қиындығы жоқ, бастысы - қамырын дайындау ғой", - дейді ол.
"Мен оқуға түсіп, Алматыда әпкеммен тұра бастадым. Ол кешке дейін жұмыс істейтін. Ал мен сабақтан кейін ертерек келіп, тамақ әзірлеп қоятынмын. Үйленген дейін тамақ жасайтынмын, себебі әйелім тамақты менен де жақсы әзірлейді. Бір кездері еске алып, Instagram-ға салып жіберіп едім, танымал болып кеттім. Әжемнің айтқаны орындалды", - дейді блогер.
Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-каналынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM және VOSTOK FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также