07 тамыз 2020 | 16:54

Үйдегі карантинді бұзған алматылықтарға 83 340 теңге айыппұл салынады

Симптомсыз COVID-19 диагнозы қойылған алматылықтар қалада серуендеп жүрсе, 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл төлеуі тиіс. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Симптомсыз COVID-19 диагнозы қойылған алматылықтар қалада серуендеп жүрсе, 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл төлеуі тиіс. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтырған 5110 адам - симптомсыз науқас және олар үйдегі карантинде жатыр.

Реклама
Реклама

"Арнайы топ үйдегі карантинде жатқан белгілері жоқ науқастарға қоңырау шалып отырады. Олар үйде болмаса, әкімшілік шаралар қолданылады. Кодекстің 425-бабына сәйкес бұл 30 АЕК (83 340 теңге). Олар карантиндік ауруханаға жатқызылады. Тәртіп бұзушы бір апта ішінде айыппұлды төлесе, сома 50 пайызға азаяды. Ал біреуді жұқтырса, қылмыстық қудалау басталады", - деді Жандарбек Бекшин.

Ол 7 тамызға дейін бұл норманы бұзғаны үшін 15 адам жазаланғанын хабарлады. Тағы үш адам карантиндік ауруханаға өз еркімен көшкен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная