ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 қаңтар 2022 02:40
Үйлер тоналғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - Алматы полициясы
Алматы полициясы тұрғындардың пәтерлері мен үйлері тоналғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы полиция департаменті қала тұрғындарының пәтерлері мен үйлері тоналғаны, сондай-ақ "102" қызметі сигналдарға жауап бермейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қалалық ПД басқармасы жедел басқару орталығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. "102" пультіне түскен әр хабарлама уақытылы өңделеді", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды жалған ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу