ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде 2020 | 14:02
"Үйлерінде интернеттің болмауынан мұғалімдер қашықтан тиімді оқыта алмады"- Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында қашықтан оқыту әдісі инфрақұрылым мен интернет сапасында елеулі мәселелер бар екенін көрсеткенін айтты. Ол Үкіметке тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында қашықтан оқыту әдісі инфрақұрылым мен интернет сапасында елеулі мәселелер бар екенін көрсеткенін айтты. Ол Үкіметке тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарамды. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті мұғалімдердің 20 пайызы үйлерінде интернеттің болмауынан қашықтан тиімді оқыта алмағанын айтты.
"Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады", - деді Тоқаев.
Мәселені шешу үшін Президент Үкіметке тапсырма берді.
"Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды", - деді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также