03 маусым 2022 | 10:19

"Үйіміз нағыз тозаққа айналды"

Дина Шарипханова Корреспондент
© almaty.tv

Алматы облысындағы Жауғашты ауылының тұрғындары ағаш кесетін зауыттың үздіксіз шуына жаппай шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы Жауғашты ауылының тұрғындары ағаш кесетін зауыттың үздіксіз шуына жаппай шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті тұрғын Елена Еготинцева күн сайын тыныштандыратын дәрі ішуге мәжбүр. 

"Үйіміз нағыз тозаққа айналды. Нағыз - тозақ. Немерелер келгенде, үйде ұйықтай алмайды. Мен наразылық ретінде бір канистр бензин алып, ағаш кесетін зауытқа барып, үстіме құйып өртеп жібергім келеді. Әкіміміз содан кейін бізге назар аударатын шығар. Өйткені, шенеуніктер бір сұмдық болғаннан кейін ғана назар аударады", - деп шағымданды ауыл тұрғыны.

Реклама
Реклама

"Денсаулығымызға зиян тигізіп жатыр. Шаңмен демаламыз, ағаш үгіндісі ұшып жатыр. Осыған байланысты балаларда аллергия белгілері бар. Бұл жағдай ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Бұған енді қанша шыдауға болады?" - дейді ауыл тұрғыны Самал Есенбаева.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үй маңында ағаш өңдеу жұмыстары екі жылдан астам уақыт бұрын басталған. Алдымен кәсіпкер бір ағаш кесу қондырғысын орнатып, одан кейін жарты жыл бұрын екіншісін сатып алған.

Халық тыныштығы шынымен бұзылғанын тиісті органдар жүргізген сараптама құжаттары растап отыр.

"Тұрғын үйлер ішінде 45/60 децибел, 47/62 децибел. Негізгі норма - 45/55 децибел. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, департамент жергілікті атқарушы органнан өз құзыреті шегінде шара қолдануды сұрайды", - деді Алматы облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.

Жергілікті билік бұдан хабардар екенін, бірақ қазір ешқандай шара қолдана алмай отырғанын айтады.

"Бұл іспен айналысатын адамдарға аудан басшылығы рұқсат берген. Біз олардың қызметін тоқтата алмаймыз. Тұрғындар сотқа арыз жазуы керек", - дейді Междуречинск ауылдық округі әкімі аппаратының заңгері Қайырхан Жұмекенов.

Кәсіпкер ауыл тұрғындарымен санасуға ниетті емес. Ағаш өңдеу зауытының иесі де журналистермен сөйлескісі келмейді.

"Мен құжаттардың бәрін күн сайын көршілердің арыз-шағымы бойынша келетін тексеруші органдарға көрсеттім. Сізге көрсете алмаймын, өйткені міндетті емеспін", - деді кәсіпкер Лариса Докторович.

Жергілікті тұрғындар құжат бойынша бәрі дұрыс екеніне күмәнданып отыр. Сондықтан олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгініп, сотқа шағым түсірмек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная