23 қаңтар 2021 | 10:36

"Ұйықтамайды, еш себепсіз айғайлайды, күледі" - қазақстандықтар COVID-19 салдары туралы

COVID-19 жұқтырып, ауырып шыққан қазақстандықтар ұйқы және психика тұрғысынан проблемаларға шағымданды. Әлеуметтік желі қолданушылары туыстары ауырғаннан кейін ұйықтамайтынын, еш себепсіз айғайлап, күлетінін жазып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі дәрігерлерден бұл мінез-құлық коронавирус салдары болуы мүмкін бе екенін сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 жұқтырып, ауырып шыққан қазақстандықтар ұйқы және психика тұрғысынан проблемаларға шағымданды. Әлеуметтік желі қолданушылары туыстары ауырғаннан кейін ұйықтамайтынын, еш себепсіз айғайлап, күлетінін жазып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі дәрігерлерден бұл мінез-құлық коронавирус салдары болуы мүмкін бе екенін сұрады.

Tengrinews.kz редакциясына жүгінген алматылық Айдана Борақұлованың (аты өзгертілген) айтуынша, оның әпкесі коронавирустан кейін ұйқысыздыққа тап болып, күйзеліске түскен.

Реклама
Реклама

"Бір ай бұрын бүкіл отбасым коронавирустың жеңіл түрімен ауырып шықтық. Бірақ соңғы уақытта әпкемнің оғаш қылықтарын байқап жүрмін. Ол түні бойы ұйықтай алмайды, көңіл-күйі де күрт өзгере бастады. Кейде бір нүктеге қарап, ұзақ отырып қалады. Бұрын мұндай болған емес. Енді маманға жүгінеміз", - дейді алматылық.

Мұндай шағымдар әлеуметтік желілерде де жазылды. 

"Жақын адамым коронавируспен ауырды, бірақ қазір жағдайы нашар. Барлығын ұмытып қалады, сөйлесең жауап бермейді, түнде ұйықтамайды, еш себепсіз айғайлайды, күледі", - деп жазған Желі қолданушысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тараз в объективе✌️ тво (@taraz_v_obektive)

Пікірлерде басқа да қазақстандықтардың психикалық проблемаларға шағымын оқуға болады. Олар мұны коронавирус салдары деп санайды.

Жұқпалы аурулар дәрігері Марина Головенко психологиялық бұзылулар коронавирустың салдары болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, вирус жүйке жасушаларына да әсер етеді. Дәрігер жақында көптеген ғылыми мақала жарық көргенін және онда коронавирустан ұзақ уақыт бойы ұйқының бұзылуы мен мазасыздық сақталатыны жазылғанын айтты.

"Бұл белгілер бұрын жарақаттан кейінгі, постишемиялық немесе басқа энцефалопатиясы болған адамдарда айқын көрінеді. Яғни пациенттің жүйке жүйесінде кейбір проблема COVID-19-ға дейін болғанын көрсетеді, ал қазір ол қозған. 

Сонымен қатар, аурумен байланысты қатты эмоционалдық күйзеліс психикалық ауруларды шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр мен невропатологпен байланысу керек", - деді Марина Головенко.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная