ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2021 | 10:39
"Вакцина алмағандардан баласын алып қояды". Білім министрлігі қауесетке жауап берді
Қазақстандықтар мессенджерлерде биыл 1 қарашадан бастап вакциналау мәртебесі негізінде балаларды ата-анасынан тартып алуға мүмкіндік беретін заң күшіне енетіні туралы қауесет таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz. сайтына сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай заң жобасы жоқ екенін мәлімдеді.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мектептерде балаларға мәжбүрлі екпе салынбайды. Мектеп балаларға білім береді, қоғамға араласуға көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакцинациялау туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желіде резонанс тудыру үшін жеке азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеуін сұраймыз", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұған дейін де осыған ұқсас жалған ақпараттар таратқан болатын. Олар балаларды мектепке кешігіп, жалғыз жүргені үшін тартып алады, ал ата-аналарды балаларына екпе салғызудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызады деп жазған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также