21 қаңтар 2021 11:16

"Вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды". Министрлік хабарламаға пікір білдірді

©REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды деген хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды деген хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырып, кейін қайтыс болғаны айтылады.

Реклама
Реклама

"Асқар Төңгеұлы бауырымыз вакцина салғаннан қайтыс болыпты! Вахтаға кетер алдында КВИ тестен өтіп және вакцина салдырған көп ұзамай қайтыс болған. Асқар бауырымыздың туғандарына қайғырып көңіл айтамын!", - делінген хабарламада.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осы хабарламаға пікір білдірді.

"Биыл 19 қаңтарда 1978 жылғы ер адамның қан қысымы жоғарылап, салдарынан қайтыс болған. Ол ешқандай вакцинация алған жоқ", - деді ол.

Байтанаев бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина Маңғыстау облысына әкелінбегенін атап өтті. Вакцинаның бірінші партиясын аймаққа жеткізу 28-29 қаңтарға жоспарланған екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram