Вакцина салдырғандарға келесі аптада "жасыл" мәртебе беріледі - Мусин

Фото: gov.kz

Келесі аптада барлық вакцина алған қазақстандықтарға Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебе беріледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі аптаның басында барлық вакцина салдырғандар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады деген жоспарымыз бар", - деді Мусин ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, қазір Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Бұған дейін қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін бір жыл ішінде "жасыл" мәртебеге ие болады деп хабарланған болатын. Вакцинация жүйелері мен Ashyq интеграциясын 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама