Вакцинация жоспары қайта қаралды - Цой

Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация жоспары қайта қаралғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация жоспары қайта қаралғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізіліп жатыр. Бүгінде вакцинация жоспары қайта қаралды, екпе салдырғандар саны 11,4 миллион адамға жетті. Бірінші компонентті 8 миллион адам салдырып, тұрғындарды қамту 70,7 пайыз немесе жалпы халықтың 42,7 пайызы, екінші компонентті 7,1 миллион адам салдырды, бұл тұрғындарды қамту бойынша 63 пайызы немесе жалпы халықтың 38 пайызы", - деді Цой Үкімет отырысында. 

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцинацияға қатысты тапсырмалар орындалмай жатқанын айтып, шенеуніктерді жазалауды ұсынған болатын. Оның айтуынша, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жоспардың 10-15 пайызы ғана орындалған.  

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама