ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2021 | 17:55
Вакцинация паспортын сатып алған қазақстандық жансақтаудан бірақ шықты
Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация паспортын сатып алып, кейін коронавируспен жансақтаудан бірақ шыққан қазақстандықтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация паспортын сатып алып, кейін коронавируспен жансақтаудан бірақ шыққан қазақстандықтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Реанимацияға түскен жағдайлар көп емес. Бүгін солар туралы айта алатын шығармын. Бір жағдайда, ер адам жағдайы өте ауырлап кеткенде екпе алмағанын, заң бұзып, вакцинация паспортын сатып алғанын мойындады", - деді Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.
Маман кез келген ауруда вакцинадан кейін вирус жұқтыру жағдайлары болатынын айтты.
"Вакцинадан кейін ауырған барлық жағдайда адамдар ауруды жеңіл түрде өткереді. Біз ауру жұқтырғандар санына мониторинг жасап отырамыз - вакцинаның 1-дозасын алғандар ішінде 1325 жұқтыру жағдайы, 2-доза алғандар арасында 964 жағдай тіркелді", - деді Роза Қожапова.
Оның айтуынша, вакцина алғандар арасында ауруханада жатқандар бар, бірақ олардың көбінде жағдайды қосымша аурулар ушықтырып тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также