08 қыркүйек 2021 | 17:59

Вакцинация паспортын сатып алғандар екпе алуға әлі өтінім берген жоқ - ДСМ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация паспортын сатып алған қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екпе алуға көмектесуге дайын. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация паспортын сатып алған қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екпе алуға көмектесуге дайын. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, өңірлердің бәрінде жалған вакцинация паспортын жасаған медицина қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалған. Вакцинация паспортын заңсыз жолмен сатып алу әрекеттеріне қарсы күрес әлі де жүріп жатыр.

"Бір кезде заңсыз тәсілге жүгінген, енді вакцина алғысы келетіндерге қатысты айтсақ, бүгінде бізге ондай өтінім әлі келген жоқ. Жүгінген жағдайда ондай тұрғындармен жұмыс істеуге дайынбыз. Бірақ бұл жерде бірқатар нормативтік-заңнамалық мәселелерді атқаруымыз керек. Яғни, тиісті құзырлы органдардың мақұлдауы керек. Бірыңғай шешім шыққан кезде ол туралы мәлімдейміз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін вакцинация паспортын сатып алғандар екпе салдыра алатыны хабарланған болатын. 

"Біз рақымшылық енгіздік және бір кездері қателік жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартпаймыз. Біздің міндет - жазалау емес, вакциналау. Оның ішінде вакцинация паспортын сатып алғандарды да. Вакцинация орталығына келіп, мойындап, екпе алу керек. Ешкім кімнен, қалай сатып алғанын сұрамайды", - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная