25 тамыз 2021 18:58

Вакцинация паспортын сатып алғандарға екпе салдыруға рұқсат беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Вакцинация паспортын сатып алғандар екпе салдыра алады. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Біз рақымшылық енгіздік және бір кездері қателік жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартпаймыз. Біздің міндет - жазалау емес, вакциналау. Оның ішінде вакцинация паспортын сатып алғандарды да. Вакцинация орталығына келіп, мойындап, екпе алу керек. Ешкім кімнен, қалай сатып алғанын сұрамайды", - деді Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинация паспортын сатып алған қазақстандықтарға рақымшылық енгізу туралы пікірталас жүріп жатқанын айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, министр заңды бұзған медицина қызметкерлері толық көлемде жазалануы тиіс екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram