Валюта нарығындағы жағдай тұрақталды - Ақышев

© Тұрар Қазанғапов

?лтты? банк т?ра?асы Данияр А?ышев рубль ?лсіреуі н?тижесінде ?аза?станда?ы валюта нары?ында?ы жа?дайды? ?андай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев рубль әлсіреуі нәтижесінде Қазақстандағы валюта нарығындағы жағдайдың қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәуір айының басында Ресей рублінің әлсіреуі нәтижесінде теңге бағамы құбылмалы болды. Қазіргі уақыттағы макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсы болуына байланысты валюта нарығындағы жағдай тұрақталды. Жалпы Ресейде болып жатқан жағдайды қысқа мерзімді жағдай деп қана бағалаймыз", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Осыған дейін Данияр Ақышев қазақстандықтарға валюта нарығына қатысты ойланбай шешім қабылдамауға кеңес берген еді.

Реклама
Реклама

"Қазақстанның барынша жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, теңгенің құбылуы әлсіреу жағына да, нығаю жағына қарай да орын алуы мүмкін. Бағамның ағымдағы құбылмалылығының нарықтық және психологиялық сипаты бар. Айтарлықтай ауытқу кезеңінде активтерді шұғыл ауыстыру кейіннен едәуір шығындарға апаруы мүмкін", - деп ескерткен еді ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама