Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Instagram-парақшасында видео жариялады.

Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Instagram-парақшасында видео жариялады.

Кадрлардан әзілкештің сөмкесін көтеріп, ғимараттан шығып келе жатқаны көрінеді. Оны достары мен әріптестері қарсы алған. Кейін видеода оның мешітке барғаны көрсетіледі.

Бұл ретте Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты ма, жоқ па белгісіз. Видео кадрларында ол көрінбейді.

Реклама
Реклама

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"Сотталушы жаза мерзімін толық өтегеніне байланысты босатылды", – деді ҚАЖК өкілдері.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Алматы Түрксіб аудандық соты Мейірхан Шерниязовтың жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын. Бұған дейін дәл осындай шешім вайнер Мейіржан Төребаевқа қатысты да шыққан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама