17 наурыз 2020 14:27

Венгриядағы қазақстандықтан коронавирус табылды

Фото:facebook.com/hunambulance

Венгриядағы қазақстандықтан коронавирус табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгриядағы қазақстандықтан коронавирус табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның Венгриядағы Елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Реклама
Реклама

Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды. Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде. Аталған жағдай біздің дипломаттарымыздың ерекше бақылауында", - деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері. 

Abouthungary.hu мәліметі бойынша, Венгрияда коронавирус жұқтырғандар саны 50-ге жеткен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram