13 қазан 2022 | 09:44

Вьетнам вице-президенті Тоқаевты еліне шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскенін, екі ел арасындағы әуе қатынасының ашылғанын айтты. Сондай-ақ сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды.

Реклама
Реклама

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президенті Нгуен Суан Фукке сәлем жолдады.

Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан Қазақстан Президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная