Вьетнамдағы су тасқыны: Тоқаев адамдардың қазасына байланысты То Ламға көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Вьетнамдағы су тасқыны: Тоқаев адамдардың қазасына байланысты То Ламға көңіл айтты Фото: vnexpress.net

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Вьетнамның орталығындағы қатты жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 41 адам қаза тауып, тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

52 мыңнан астам үй, 13 мың гектардан астам егістік алқап, шамамен 2100 гектар көпжылдық ағаштар және 30 700-ден астам мал мен құс су астында қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама