Вице-министр Алакөлге барар жол жайлы: Сталинград шайқасы болғандай

Вице-министр Алакөлге барар жол жайлы: Сталинград шайқасы болғандай © superkurt.yvision.kz

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Талдықорғаннан Алакөлге барар жолдың жағдайын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр туристердің жолға қарамастан Алакөлге көлікпен барып жүргенін айтып өтті. 2017 жылы Алакөлде шамамен 750 мың турист демалған, олардың 180 мыңы Ресейден келген екен.

"Алматыдан Талдықорғанға баратын жолдың жағдайы жақсы, ал Талдықорғаннан ары қарай жол жаман. Мен өзім сол жолмен келдім, көлік тізгінінде өзім отырдым - Алматыдан Алакөлге бардық. Ондай жолмен жүру қиын. Кешірім сұраймын, бірақ сол жолда Сталинград шайқасы болғандай. Тоғыз сағат жол жүрдік", - деді Ерлан Қожағапанов.

Реклама
Реклама

Ерлан Қожағапанов үкіметтің тапсырмасымен "Қазавтожол" ҰК өкілдерінің құрылыс жұмыстарын бастағанын айтып өтті. Айтуынша, онда төрт жолақты қозғалыс болады.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт вице-министрі жекеменшік компаниялардың Алакөлдегі туризмді дамытуға дайын екенін айтты. Бірақ Қожағапановтың айтуынша, ол үшін инфрақұрылым керек.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама