ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 27 ақпан 2014, 16:50
Вице-премьер қаржы игермегендерді жұмыстан қууды ұсынды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Премьер-министр Серік Ахметовке бюджетті игермеген министрліктердің жетекші қызметкерлерін жұмыстан босатуды ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі."Біз талдау жасадық, бюджет қаржысын игермеудің себептері субъективті деп есептейміз: Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі бойынша - 4 млрд теңге, Білім және ғылым министрлігі бойынша - 1,4 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша - 1,3 млрд теңге", - деді Сұлтанов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде. Ол жетекшілік қызметтегі кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуды ұсынды. "Осындай шараны 1 млрд теңгеге жуық қаржыны игермеген бірқатар аймақ басшыларына да қолдануды ұсынамыз", - деді ол.Еске сала кетейік, үкіметтің 2013 жылдың 9 айындағы бюджет қаржысын игеру нәтижелері жөніндегі отырысында Ахметов қаржы игермеген лауазымды тұлғаларды жазалау туралы ұсыныс енгізуді тапсырған болатын. Сол күні-ақ көп шенеунікке сөгіс жарияланды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии