16 маусым 2020 | 11:00

Вице-министр Ақтаева Біртановтың міндетін атқарады

Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева уақытша денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін атқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева уақытша денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін атқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.

Реклама
Реклама

"Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін уақытша вице-министр Лязат Ақтаева атқарады", - деді Ахметшәріп.

Айта кетейік, мұның алдында министр Біртанов айығып шыққанша оның міндетін үш вице-министр кезектесіп атқаратыны айтылған еді.

Еске салайық, өткен жексенбіде, 14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.

"Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр", - деген еді Диас Ахметшәріп.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная