23 сәуір 2022 | 15:05

Вице-министр Президент тапсырмаларын уақытында орындамағаны үшін қызметінен босатылды

Берік Қамалиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Берік Қамалиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Берік Қамалиев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып 2019 жылы наурызда тағайындалған еді. 

Реклама
Реклама

Ол әр жылдары ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы қызметінде болған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап 2011 жылдың сәуір айына дейін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. Кейіннен ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар, Берік Қамалиев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы қызметінде болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная