30 қараша 2022 | 14:36

Вице-премьер Екібастұз туралы: Кешке дейін көпқабатты үйдің бәрі жылуға қосылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/KZgovernment

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұздағы көпқабатты үйлердің бәрі кешке дейін жылуға қосылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұздағы көпқабатты үйлердің бәрі кешке дейін жылуға қосылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалған 17 көпқабатты үй, "Аманат" партиясының ғимараты бүгін түстен бастап қосылады. Кешке дейін көпқабатты үйдің бәрі жылуға қосылады", - деді Жұманғарин Екібастұзда өткен брифингте.

Вице-премьер бүгін жұмыстың 99 пайызы аяқталады деп сендірді.

Реклама
Реклама

"Мен тұрғындармен кездестім, бұл жұмысшылар қаласы. Бәрі жағдайды түсінеді, жүйені біледі. Адамдар қол қусырып отырған жоқ. Қанағаттанбау, ашу-ыза білдіру жағдайлары жоқ. Денсаулық сақтау мекемелерін араладық. Штабымыздың жұмысы басталғанда перзентханаға жас келіншек түсті, ол қыз босанды. Бұл да жақсы белгі", - деп қосты ол.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов төтенше жағдайларды жоюға да, төтенше жағдайдың салдарын жоюға да байланысты барлық шығынды монополист компания көтеретінін айтты.

"Анықтама ретінде айтайын:кеше таңертең қала тұрғындарының 93 пайызына жылу берілді. Түстен кейін 7 пайызға жылу қосуды жоспарлап отырмыз", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная