18 маусым 2020 | 16:09

Вице-премьер Ералы Тоғжановтан коронавирус анықталды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтанғаныммен болмады. Менен ауру белгісі жоқ коронавирус инфекция анықталды.

Реклама
Реклама

Тезірек айығу үшін дәрігерлердің айтқанын істеп, жұмысқа ораламын. Азаматтардан сақтық шарасын - маска тағып, антисептик қолданып, қолды жиі жуып, гигиенаны сақтауды өтініп сұраймын. Аман-сау болыңыздар! ", - деді ол Facebook парақшасында. 

Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. 

Сондай-ақ премьер-министр Асқар Мамин, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, экология геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқшауланды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин коронавирусты анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендіктен оқшауланды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная